Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Департаменттің қызметі туралы қорытынды есебі

Экономикалық интеграция департаменттің 2015 жылғы қорытынды есебі

Еуразиялық одақ шеңберінде:

  • 2015 (екі мың оң бесінші) жылдың басынан бастап Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде, 587 (бес жүз сексен жеті) құжат қабылданды. Оның ішінде, 87 (сексен жеті) құжат министрліктің тікелей құзыретіне кіреді, осылардың басым көпшілігі біздің ұстанымызбен қабылданған. Бірақ, 2 (екі) ғана позициямыз есепке алынбаған.
  • 2015 (екі мың оң бесінші) жылдың 8 (сегізінші) қыркүйегінде Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің № 9 (нөмір тоғызыншы) шешімімен Одақ шеңберіндегі Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізігі бағыттары (бұдан әрі - ОНПС) бекітілді.

Осы құжат өнеркәсіптік ынтымақтастықтың мақсаттарын, міндеттерін, негізгі бағыттарын орта кезеңге, сондай-ақ оларды іске асыру үшін Тараптар қолданатын құралдар мен механизмдерін анықтайды. Аталған құжат мынадай механизмдерді көздейді:

1) Өнеркәсіптік кооперациялар және субконтрактациялау Еуразиялық желісін;

2) Басым бағыттарды және жобаларды қаржыландыру;

3) Өнеркәсіптік өндіріске инвестицияларды тартуды ынталандыру;

4) Еуразиялық технологиялардың трансфері желісін;

5) Еуразиялық технологиялық платформалары;

6) Бірлесіп өндірілген өнімді анықтау үшін технологиялық операцияларды есепке алу тетіктері;

7) қосылған құн тізбекшелерін құру (ЦДС);

8) қолданыстағы өндірісті жаңарту;

9) мемлекетаралық бағдарламалар мен жобалар және т.б.

  • Жоғарғы Еуразиялық Экономикалық Кеңесі 2015 жылғы 8 мамырда Каботаж бағдарламасы бойынша шешім қабылданды. Осы бағдарлама ырықтандырудың (либерализация) төрт кезеңін қарастырады. Қазақстан осы бағдарламаға 2025 (екі мың жиырма бесінші) жылдан бастап қосылады.
  • Халықаралық Жол Тасымалдаушы Кітапшасы (бұдан әрі - МДП) Конвенциясын қолдана отырып, кедергісіз транзиттік жол жүруді қамтамасыз ету туралы 2015 жылғы 29 мамырды №12 Үкіметаралық Еуразиялық Экономикалық Кеңесімен шешім қабылданды.

МДП-ның негізгі артықшылығы – транзиттік процедураны ең оңайлатылған түрі және халықаралық қаржы кепілдігін қамтамасыз ету болып табылады.

  • 2015 жылы 22 қыркүйекте Еуразиялық экономикалық комиссиясы Алқасының № 122 шешімімен Көлік құралдарының электрондық төлқұжаттар жүйесі және өздігімен жүретін көліктер және техниканың басқа түрлері жұыс істеу тәртібі бекітілді (бұдан әрі – Тәртіп жобасы). Тәртіп жобасын қабылдауға Жоғарғы Еуразиялық Кеңесінің №72 шешімі  негіз болып табылады, осыған сәйкес өнеркәсіптік жинақтау жағдайында бір мүше-мемлекеттің территориясында өндірілген моторлы-көлік құралдары басқа мүше мемлекеттердің территорияларында дәнекерлеу мен қорабты бояу бойынша технологиялық опреациялар және өндірістегі оқшалаудың деңгейі кем дегенде 30%, ал 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап кем дегенде 50%;
  • Еуразиялық технологиялық платформалар (бұдан әрі - ЕТП) бойынша дәреже әзірленген. ЕТП – барлық мүдделі тараптардың қатысуы (бизнестің, ғылым, мемлекет, қоғамдық қатынастар) негізінде инновациялық және бәсекеге қабылетті, жоғарғы технологиялық, коммерциялық технологиялар және тиімді коммуникациялар құруды қамтамасыз ететін инновациялық инфрақұрылым объектісі.

ЕТП мақсаты – инновациялық дамуды ынталандыру үшін ЕАЭО мүше мемлекеттері потенциалын біріктіру негізінде барлық мүдделі тараптардың тиімді іс-қимылын қамтамасыз ету

Ағым жылдың наурыз айында Үкіметаралық Еуразиялық Экономикалық Кеңесімен Еуразиялық технологиялық платформалар дәрежесі бойынша шешім қабылдаы жоспарда;

  • «2015-2016 жылдарға арналған ЕАЭО мүше-мемлекеттерінің Жеңіл өнеркәсібін дамыту бойынша рекомендациялық іс-шаралар жоспары» 2015 жылғы 29 мамырды №3 Үкіметаралық Еуразиялық Экономикалық Кеңесімен шешім қабылданды. ЕАЭО мүше-мемлекеттерінің сараптамалық тобының іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде, жеңіл өнеркәсіп саласында инвестициялық жобаларды мына бағыттар бойынша ықтимал өнеркәсіптік кооперация мақсатында уағдаластыққа қол жеткізілді: мақтаны қайта өңдеу, тері, сондай-ақ теріні өңдеу кезінде пайдаланылатын химиялық материалдар бойынша;
  • ЕАЭО шегінде Өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізігі бағыттарын іске асыру актілерін әзірлеу жоспары. Жоспар жобасы 56 құжатты қамтиды, олардың іске асуы Одақтың мүше мемлекеттерінің бәсекелестігін жоғарылату және өнеркәсіптік даму, өзара тиімді кооперация, ынтымақтастықтың қажетті тиімді жағдайларын  жасауға мүмкіндік береді. А.ж. 18-19 қаңтарында Мәскеу қаласында жоспары жобасын әзірлеу бойынша сарапшылар мәжілісі өтті. Отырыс барысында Тараптар Қазақстан Республикасының ұстанымын ескере келе өзара тиімді қадамдарды келісті. ӨЫНБ іс-шаралар жоспары жобасы Өнеркәсіп бойынша Консультативтік Комитеті шегінде алдын ала мақұлдағаннан кейін ЕЭК Кеңесіне бекітуге енгізілетін болады;
  • Өнеркәсіптік субсидияларды ұсынудың бірыңғай ережелері туралы хаттамаға өзгерістер енгізу (Шартқа №28 қосымша) (№1647 ҚРҮҚ ИДМ №155 бұйрығына ауыстыру).

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа (бұдан әрі – Шарт) сәйкес, Қазақстандық тарап ЕАЭО мүше мемлекеттерімен «Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ережені бекіту туралы» 2009 жылғы  22 қазандағы №1647  Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысын (бұдан әрі – Қаулы) алып тастауларға қоюға келісті.

Жоғарыда көрсетілген қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасы өзінің өнеркәсіптегі ұлттық басымдықтарына сүйене отырып осы өлшемдерді (оларды қатаңдата немесе жұмсарта отырып) кедергісіз қолдана алады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрылғанына және оған ішкі айналым үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатты өкілеттілігі берумен байланысты  Қазақстан Республикасы Үкіметі №793  қаулысын (бұдан әрі – №793 қаулы) қабылдады және осы актімен 1647 қаулысы күшін жойды.

2014 жылы Қазақстан Республикасында әкімшілік реформа болды, оның нәтижесінде Үкіметтің кейбір өкілеттіктері орталық атқарушы органдарға берілді.

Осы реформаның шеңберінде Үкімтеттен ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне кейбір функциялар өтті, атап айтқанда тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру және оның күшін жою тәртіптерін анықтауды бекіту берілді.

Тиісінше Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы №155 «тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру және оның күшін жою тәртіптерін анықтауды бекіту туралы» бұйрығы қабылданды  (бұдан әрі – Бұйрық). Осымен бірге 793 қаулы күшін жойды.

Департаментпен тиісті шешім жобасы әзірленіп 2015 жылдың 2 желтоқсанында ЕЭК Кеңесіне қарастыруға шығарылды. Осы Кеңестің қорытындысы бойынша 155 бұйрықты 1647 қаулысымен сәйкестендірген жағдайда тиісті шешімді қолдантындары туралы ұстанымды айтты.

Қазіргі уақытта 2015 жылғы 24 ақпандағы №155 ҚР ИДМ №155 бұйрығына тиісті өзгерістер енгізу жұмыстары жүргізілуде.

  • Отандық өндірушілердің мүддесі үшін кедендік-тарифтік реттеу бөлігінде 9 атаулар бойынша баждар өзгертілді, олар мынадай мынадай: теміржолдық моторлық және өзімен жүретін вагондар және көлдік паромдар бойынша; турбинтовтық азаматтық жолаушылар ұшағы; ванадий-алюминий лигатурасы; алюминии фториді; болаттық толық доңғалақтар; оксид және гидрооксид; полимерлер және полимерден жасалған кабыршақтың жекелеген түрлері; кремний; болат құбырлары.
  • Қызметтерді көрсету, ұйымдар, қызметтер және инвестиция жүргізуге екі қызметтер көрсету тізбесі бекітілді, олар бойынша қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығы қалыптастыратын болады, сондай-ақ алып тастаулар мен шектеулердің ұлттық тізбесі бекітіліетін болады.
  • Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңесінің 2014 жылғы 23 желтоқсанда №110 шешімімен бекітілген, ЕАЭО шеңберінде бірыңғай нарығы жұмыс істейтін қызметтерді көрсету секторлары (кіші секторлары) тізбесіне 43 қызмет көрсету кіреді, осымен бірге Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ИДМ) құзіретіне 8 қызмет көрсету кіреді.
  • Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 16 қазандағы № 30 шешімімен бекітілген Ырықтандыру жоспарларына (өтпелі кезең мезгілінде)  сәйкес жүзеге асырылатын қызметтердің бірыңғай нарығы қалыптастырылатын қызметтер секторлары (кіші секторлары)  тізбесіне 21 қызмет кіреді, оның төртеуі ҚР ИДМ құзыретіне кіреді.
  • Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 112 шешімімен бекітілген ЕАЭО шеңберінде шектеулер, алып тастаулар, қосымша талаптар мен шарттардың жекеленген ұлттық тізбесінде қызметтердің 24 шектеулері мен алып тастаулары көрсетілген, оның 7 шектеуі мен алып тастауы ҚР ИДМ құзыретіне кіреді.
  • ЕАЭО мүше-мемлекеттерімен Вьетнам Социалистік Республикасымен Еркін сауда аймағы туралы келісімге қол қойылды.

Келісім өзара саудада қатысушы-мемлекеттердің өзара міндеттемелерін күшейтеді, Келісімнің қатысушы- елдерінен тауарлар мен қызметтерді жабдықтаушылары үшін өз нарықтарына қол жеткізуді жеңілдетеді.

Келісім 2015 жылы 29 мамырда Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңесінің отырысында ЕАЭО мүше мемлекеттерімен бір жағынан және Вьетнам Социалистік Республикасымен қол қойылды. Келісім ЕАЭО мүше мемлекеттерінде ратификациялау рәсімдерінен өткен соң 60 күннен кейін және Вьетнамда ұлттық заңнамасына сәйкес күшіне енеді.

Еркін сауда аймағы туралы келісімді жасасу өзара ынтмақтастық шеңберінде Вьетнамның едәуір сыйымды нарығына тауарлар мен қызметтерді жеткізуді қамтамассыз етеді, сондай-ақ азия аймағының басқа елдері нарықтарына жол ашуға мүмкіндік береді.

Келісім шеңберінде қарастырылған ішкі нарықты қорғау бойынша кешенді шаралар Вьетнамнан келетін импорттық тауарлардың өсуі қауіпінен сақтауға мүмкіндік береді. Бұлайша, мысалы, өтемақы, демпингке қарсы, және екіжақты, сондай-ақ триггерлік қорғау тетіктері қолданыла алады. Триггерлік қорғау тетіктері күнтізбелік жыл бойында келісілген деңгейден асып кеткен тауарларға, ЕАЭО Бірыңғай кедендік тарифтері деңгейінде Вьетнамнан ЕАЭО мүше мемлекеттері аумағына келетін және импортталатын бірқатар бекітілген тауарлар категорияларына қолданылады

  • Департаментпен Қазақстандық өндірушілер үшін ЕАЭО-ның ортақ нарығындағы кедергілерге шолу әзірленген. Бұл жұмысты әзірлеу барысында Еуразиялық экономикалық комиссияның, Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ-ның, «Kaznex Invest» Экспорт және инвестицияларҰлттық агенттігі» АҚ-ның ұсыныстары, сондай- ақ сараптамалық ақпараттары қолданылды.  Көрсетілген сараптама келесі бағыттар бойынша ЕАЭО нарығындағы кедергілерді айқындауға мүмкіндік берді: мемлекеттік сатып алулар, автомобиль өнеркәсібі, импортты алмастыру және көлік. Бұдан әрі Департамент Еуразиялық экономикалық комиссияға  айқындалған кедергілерді жою туралы ұсыныс енгізуді жоспарлап отыр.

Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберінде:

  • Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберінде, 2015 (екі мың оң бесінші) жылдың қорытындысы бойынша департаментпен Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кіруіне байланысты келесі қабылданған нормативтік құқықтық актілер келісілген: Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты өзгерістер мен толықтырулар; 1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау; Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі кезінде ҚР қабылдаған міндеттемелерге ұлттық заңнаманы сәйкес келтіру бойынша іс-шаралар жоспары; Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналысының кейбір мәселелері туралы хаттаманы ратификациялау туралы құжаттар.

Министрліктің іс-шаралар қатарында 7 жеті іс-шара қамтылған,атап айтқанда телекоммуникациялық қызметтер бойынша қызмет нарығын реттеу, тауарларды сатып алуда жергілікті қамту туралы талаптың күшін жою, 2011 (екі мың оң бірінші) жылдың 1 (бірінші) қыркүйегінен 2015 (екі мың оң бесінші) жылдың 1 (бірінші) қаңтары аралығында қол қойылған жер қойнауын пайдалану шарттарын қайта қарау, мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің аумағында құрылған Жұмыс тобының шеңберінде альтернативті қолдау шараларын әзірлеу бойынша тұрақты талқылаулар өткізілуде.

 

Тәуелсіз мемлекеттер достастығы шеңберінде келесі жұмыс жүгізілді:

  • ТМД экономикалық кеңесі, ТМД үкімет басшыларының  кеңесі, ТМД мемлекет басшыларының кеңесі отырыстарына  Министрліктің ұстанымын әзірлеу.

Департаментпен ТМД қатысушы-мемлекеттерінің химия өнеркәсібі саласындағы Ынтымақтастық тұжырымдамасына ұсыныстар мен ескертулер жолданды. Сонымен қатар  ТМД қатысушы-мемлекеттерінің химия өнеркәсібі саласындағы Ынтымақтастық тұжырымдамасын іске асырудың бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарына ұсыныстар мен ескертулер жолданды. Бұл тұжырымдама химия өнеркәсібі саласында мемлекет аралық ынтымақтастықтықты кеңейтуге және ТМД қатысушы-мемлекеттерінің химия өнеркәсібі саласын дамытуға бағытталған;

  • ТМД-ның 2009 жылғы Тауарлардың шығарылған елін айқындаудың ережесіне өзгертулер енгізуге ұсыныстар. Бұл Келісім тауардың еркін қозғалысына шарттарды қалыптастыру мен тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолдануға бағытталған.;
  • ТМД қатысушы-мемлекеттерінің тау-кен саласындағы ынтымақтастығын дамыту туралы келісім жобасын әзірлеу. Келісім жобасы саланың ең өзекті мәселелерін шешуге бағытталған, олардың санына, атап айтқанда кен байыту технологиясын дамыту, өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды пайдаға асырудың тиімділігін арттыру, инновациялық металлургиялық технологиялардың дамуы, металлургиялық өндірістің экологиялығын жоғарылату кіреді;
  • ТМД шеңберінде қабылданған құжаттарды орындау бойынша өзектендірілген мынадай ақпаратты ТМД-ның атқарушы комитетіне әзірлеу және жолдау: Әуе қозғалысын ұйымдастырудың ұлттық жүйелерін үйлесімдендіру тұжырымдамасы, Халықтың тұрғын үй жағдайы, тұрғын үй құрылысының қарқыны мен тәжірибесі, Электрондық және электротехникалық құралдардың қалдықтарын жинау мен пайдаға асыруды жүзеге асыратын компаниялар туралы, Жаңа мемлекет аралық радионавигациялық бағдарлама жобасы, Көлік кешенінің дамуын ғылыми-техникалық қамтамасыз ету саласындағы базалық ұйым туралы ереже жобасы және т.б.
© 2017

Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі

Экономикалық интеграция департаменті