Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Жаңалықтар

1703/17
Железнодорожные перевозчики будут оштрафованы за нарушение Правил перевозок пассажиров, багажа и грузобагажа

Теміржол тасымалдаушыларына жолаушыларды, багажды, жүк-багажды тасымалдау Ережелерін бұзғаны үшін айыппұл салынады

<--break->

2017 жылдың 17 наурызы күні Алматыдағы вагон жөндеу заутының ғимаратында ҚР ИДМ Көлік комиетінің төрағасы Ә.Асаубаев халыққа сапалы теміржол қызметін көрсету мәселелері бойынша көшпелі жиын өткізді. Жиынға әлеуметтік мағызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын отандық тасымалдаушы компания басшылары қатысты.

Кеңес барысында мемлекеттік бюджеттен субсидияланатын теміржол көлігімен жолаушылар тасымалын қамтамасыз ету бойынша Министрліктің алдында шарттық міндеттемелерді орындау мәселесі талқыланды.

Министрлік алдында шарт бойынша 6 негізгі талапты және жолаушылар тасымалын дамыту мен сапасын жоғарылатуға бағытталған тасымалдаушының шарттық міндеттерінің 10 тармағын орындау қарастырылған.

Қызмет көрсету сапасы мен вагон паркінің жағдайына жолаушылардың шағымдары қарастырылды. Атап айтқанда 43/44

Қостанай – Алматы пойызына жасаған жолаушылардың шағымы қаралды.

Кеңес барысында ҚР ИДМ Көлік комитетінің төрағасы Әсет Асаубаев жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багаждарын тасымалдау Ережелерін бұзғандығы үшін шарттық міндеттерге сәйкес 11 млн. теңгеден астам соммада айыппұл салынатынын хабарлады. Өткізілген сараптама нәтижесінде шарттық міндеттерді орындамаған жағдайда тасымалдаушылар мемлекеттік бюджет кірісіне 30 млн. теңге көлеміндегі қаржыны қайтаруға міндетті.

Бұл саладағы келеңсіздіктерді бұдан әрі болдырмау мақсатында Министрлік тасымалдаушылармен бірлесе отырып, сәуір айында әлеуметтік маңызы бар аралықтарға қатынайтын пойыздарға тексеру жүргізу туралы шешім қабылданды.

Сонымен қоса, кеңесте Астана қаласында «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесі өтетін аралықта жолаушылар тасымалын толыққанды қамтамасыз ету жөніндегі жоспарланған шаралар әзірленді.

Бұл жолаушыларды тасымалдауды қамтамасыз ету мақсатында қосымша 14 жаңа жолаушылар вагонын, соның ішінде, 3 қала маңындағы пойыздарды шығару жоспарлануда. Сонымен қоса, пойыздарға қосымша шамамен 150 бірлік тіркемелі вагонды тарту жоспарланған. Жалпы, теміржол көлігімен көрмеге 10 маусымнан 10 қыркүйекке дейінгі аралықта шамамен 1,1 млн. жолаушы келеді, деп жоспарланған. Айта кетейік, жоспарланған шаралардың нәтижесі, соның ішінде вагондар паркін жаңарту мен тарту мәселелері маусым айындағы кезекті кеңесте қаралатын болады.

 


Біздің жаңалықтарымызға жазылғыңыз келеді ма?

© 2017

Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі

Экономикалық интеграция департаменті