Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

Департаменті туралы ереже

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрлігі

Жауапты хатшысының

2017 жылғы «___» ____________

№ ___ бұйрығымен бекітілген

 

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің

Экономикалық интеграция департаменті

туралы ереже

 

1. Жалпы ережелер

1. Экономикалық интеграция департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңдарын, «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысын,     2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, сондай-ақ осы Ережені және өзге де актілерді басшылыққа алады.

3. Департаменттің құрылымын және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрліктің жауапты хатшысы бекітеді.

4. Департамент:

1) Мониторинг және талдау басқармасы;

2) Өнеркәсіптік ынтымақтастығы басқармасы;

3) Көлік және инфрақұрылым басқармасынан тұрады.

 

 

2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары мен міндеттері

 

5. Міндет: Еуразиялық экономикалық одақ және Дүниежүзілік сауда ұйымы (бұдан әрі – ЕуразЭО және ДСҰ) шеңберінде ұлттық мүдделерді ескере отырып өнеркәсіптік саясатты қалыптастыруға жәрдемдесу.

 

Функциялар:

1) ЕуразЭО-ға қатысушы-мемлекеттердің және үшінші елдердің нарығына қазақстандық тауарлар мен қызметтерді экспорттау кезінде кедергілерді анықтау және оларды жою бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

2) ЕуразЭО шеңберінде министрліктің құзыретіне кіретін көрсетілетін қызмет секторлары (кіші секторлары) бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

3) Еуразиялық технологиялық платформалардың жұмыс істеуі бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

4) ЕуразЭО және ДСҰ шеңберінде жетекшілік ететін бағыттар бойынша кедендік-тарифтік реттеу мәселелері бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

5) жетекшілік ететін бағыттар бойынша үшінші елдермен ЕуразЭО шеңберінде еркін сауда аймақтары туралы келісімдер және өзге де сауда-экономикалық ынтымақтастық келісімдер жасасудың орындылығы туралы ұсыныстарды әзірлеу;

6) ДСҰ шарттарына қайшы келмейтін, өнеркәсіпті мемлекеттік қолдаудың балама шараларын әзірлеуге қатысу;

7) ЕуразЭО органдары шешімдерінің мониторингі;

8) ЕуразЭО шеңберінде экспортты ілгерілетуге жәрдемдесу;

9) жетекшілік ететін мәселелер бойынша ұлттық органдардың нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге ұсыныстарды дайындау;

10) Министрліктің құзыреті шеңберінде өзге де мәселелерді қарастыру.

6. Міндет: жетекшілік ететін бағыттар бойынша интеграциялық және экономикалық бірлестіктер шеңберінде өнеркәсіптік ынтымақтастықтың дамуына жәрдемдесу.

Функциялар:

1)  ЕуразЭО мүше мемлекеттерімен және басқа да халықаралық ұйымдармен өнеркәсіптік кооперация бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

2) ЕуразЭО өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

3) интеграциялық бірлестіктер жағдайларына қарама-қайшы келмейтін өнеркәсіпті мемлекеттік қолдаудың шаралары бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

4) кедендік-тарифтік реттеу, тарифтік емес, демпингке қарсы, өтемдік және қорғау шаралары бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

5) жетешілік ететін бағыттар бойынша ЕуразЭО шеңберінде үшінші елдермен еркін сауда аймақтары және өзге де сауда-экономикалық ынтымақтастық келісімдер жасасу орындылығы туралы ұсыныстарды әзірлеу;

6)  ЕуразЭО мүше мемлекеттерінің өнеркәсіптік ынтымақтастығы үшін басымды сезімтал тауарлар тізбесіне өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу;

7)  Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңесінің, Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің, Еуразиялық экономикалық комиссиясы кеңесінің, Еуразиялық экономикалық комиссиясы алқасының, өнеркәсіп бойынша консультативтік комитетінің, Сауда саясаты бойынша консультативтік комитетінің, Экономикалық интеграция бойынша үйлестіру кеңесінің және министрлік құзыреті шегінде жұмыс топтарының, кеңестерінің, конференциялардың отырыстарына ұстанымдарды әзірлеу;

8) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мәселелері бойынша үйлестіру;

9) ЕуразЭО шеңберінде инвестицияларды тарту бойынша жағдай жасауға жәрдемдесу.

10) Министрліктің құзыреті шеңберінде өзге де мәселелерді қарастыру.

7. Міндеті: тасымалдауда экономикалық қажеттілікті және тұрғындардың сұранысын қанағаттандыруға бағытталған, экономикалық интеграция шеңберінде көлікті дамыту бағытын әзірлеу, мониторинг және талдау жұмыстарын жүргізу.

Функциялары:

1) Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде көлік саласындағы интеграциялық процестерді іске асыру;

2) халықаралық көлік қызметтері нарығында отандық тасымалдаушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында халықаралық ұйымдар және көлік саласындағы еуразиялық интеграцияны іске асырумен байланысты ведомствоаралық комиссияның жұмысына қатысу;

3) көлік саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру мәселелері бойынша ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл;

4) Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттарды іске асыру мақсатында халықаралық шарттарды әзірлеу (келісімдерді), сондай-ақ көлік саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруді қамтамасыз ету;

5) шарттарға (келісімдерге, қағидаларға) қосылу орындылығы туралы ұсыныстарды ұсыну және оларға қосылу бойынша жұмыстарға қатысу;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген, өзге де функциялар.

8. Құқықтары мен міндеттері:

8.1 Департамент құқылы:

1) Басшылықтың тапсырмасы бойынша өз құзіреті шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, халықаралық және өзге де ұйымдарда, халықаралық экономикалық интеграциялық органдарда, заңды тұлғалар бірлестігінде, салалық қауымдастықтарда, сондай-ақ  шет мемлекеттерде министрліктің мүддесін білдіру;

2) Министрліктің басшылығының тапсырмасы бойынша департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кездесулер және басқа іс-шаралар өткізу;

3) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, ведомстволық бағынысты ұйымдардан, заңды тұлғалар бірлестігінен және кәсіпорындардан департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті ақпаратты (есептерді, материалдарды) сұрату;

4) Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, халықаралық және өзге де ұйымдармен, ЕуразЭО органдарымен өткізілетін кеңестерге, отырыстарға, семинарларға, конференцияларға қатысу;

5) Министрліктің басшыларынан және құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлерінен, халықаралық және өзге де ұйымдармен, ЕуразЭО органдарымен қызметтік іс сапарлардың жиыны  бойынша, отырыстардың, семинарлардың, конференциялардың нәтижелері бойынша ұсынымдар мен тұжырымдарды, есептерді, хаттамаларды сұрату және алу;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

8.2.  Департаментке мынадай міндеттер кіреді:

1) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша министрліктің басшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметінің отырысында, жоғары тұрған және басқа мемлекеттік органдарындағы кеңестеріне материалдарды дайындауды жүзеге асырады;

2) Департаменттің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындайды.

 

3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру

 

9. Департамент министрліктің құқықтық актілерімен, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен заңнамалық актілеріне сәйкес, оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттігі бар.

10. Департаментті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын директор басқарады.

11. Департамент директоры департаменттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

12. Департамент директоры министрліктің басшылығына департаменттің құрылымы және штат кестесі бойынша ұсыныстарды ұсынады.

13. Директор осы мақсатта:

1) Департаменттің құрамына кіретін өзінің орынбасары және басқарма басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) Департаменттің құрамына кіретін басқармалар туралы ережені бекітеді.

3) Қазақстан Республикасы Президентінің заңдары мен актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

14. Департамент директоры Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, орынбасары болады;

15. Департамент директоры болмаған кезеңде директордың орынбасары департаменттің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және департаментке жүктелген міндеттерді орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

16. Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша департаменттің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға департамент директоры, ал ол болмаған жағдайда департамент директорының орынбасары қол қояды.

17. Департамент директоры, оның орынбасары және басқарма басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы болуға міндетті және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауға дербес жауапты болады.

18. Департамент қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері белгіленген тәртіппен бекітілген лауазымдық нұсқаулықтарында айқындалады.

 

Жарияланған: 09.07.2015
Жаңартылған: 17.03.2017
© 2017

Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі

Экономикалық интеграция департаменті