Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

You are here

FAQ (жиі койылатын сұрақтар)

Сұрақ: Еуразиялық экономикалық одақтағы бизнестің мүдесі қандай жолмен ескеріледі?

Жауап:

Бизнес-қоғамдастықпен өзара әрекет жасау және бизнестің мүдесін ЕЭК шеңберінде шешімдер қабылдау кезінде ескеру мақсатында

2012 жылдың желтоқсанында Еуразиялық экономикалық комиссия және белорустық-қазақстандық-ресейлік бизнес-қоғамдастықтың өзара әрекет жасау жөніндегі Консультативтiк кеңесі (бұдан әрі – Консультативтік кеңес) құрылды.

Одақ мүше-мемлекеттердің барлық жетекші ұлттық бизнес-ассоциацияларын біріктіретін белорустық-қазақстандық-ресейлік бизнес-диалог Консультативтiк кеңесі Комиссияға Кеден одағы және Бiртұтас экономикалық кеңiстiк құруға қатысты жүйелі және стратегиялық сұрақтар бойынша шоғырландырылған ұстанымды ұсынады. ЕЭК құзіретіндегі жеке салаларға арналған (кедендік әкімшілдік, техникалық реттеу және басқа) Консультативтiк кеңестің тақырыптық мәжiлiстері жүйелі түрде өткізіледі.

Ұлттық бизнес-ассоциациялардың, сондай-ақ кәсiпкерлiк қызмет субъекттерінің уәкілдері ЕЭК салалық консультативтiк органдардың құрамына (консультативтік комитеттер және ішкікомитеттер, жұмыс және  эксперттік топтар) кіреді және олардың жұмысына белсенді қатысады.

Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың шеңберінде шешімдер қабылдау кезінде бизнестің мүдесін ескеру үшін ЕЭК шешімдері жобаларының реттеушілік ықпалын бағалау (әрі қарай - РЫБ) рәсімдерін өткізу міндеттілігі орнатылған.

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Одақ шеңберіндегі кәсiпкерлiк қызметті жүргізу жағдайына ықпал ететін ЕЭК шешімдерінің жобаларының реттеушілік ықпалын бағалауды жүргізу нәтижесін ескере отырып қабылдануы қажет.

Сондай-ақ ЕЭК Коллегия тарапынан РЫБ рәсімдері бойынша мониторинг өткізудің жылдық есептерін дайындау және оларды ЕЭК Кеңесі арқылы Үкіметаралық кеңесіне енгізу қарастырылған.

Шартқа сәйкес ЕЭК шешімдерінің жобаларының реттеушілік ықпалын бағалау рәсімдерін өткізу тәртібі ЕЭК жұмысының регламентінде анықталуы қажет. Комиссияға РЫБ рәсімдерін енгізу Кеден одағының және Бiртұтас экономикалық кеңiстiктің аймағында қалыптасқан практика ЕЭК шешімдерінің жобасының ықпалын бағалауды жүргізу негізі болып табылады.

РЫБ өткізу рәсімдерін енгізу ЕЭК шешімдерінің жобаларын дайындау кезінде транспаренттіктің жоғары деңгейді қамтамасыз етеді және бизнестің мүдесін ескеру кезінде сапалы жаңа деңгейге шығарады.

 

 

Тарифтік квоталар деген не және ЕАЭО шеңберіндегі олардың енгізу механизмі кандай?

Жауап:

Тарифтік квота – белгілі бір кезең аралығында белгіленген мөлшер шегінде әкелiнетiн (заттай немесе құндық мәнде) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифтің (ЕАЭО БКТ) кедендік бажға сараланған мөлшерлемелерді қолдануды көздейтiн үшінші елдерден шығарылатын ауылшаруашылық тауарлардың жеке түрлерін Одақтың кеден аумағына әкелудің реттеу шаралары.

ЕАЭО туралы Шартта үшінші елдерден шығарылатын ауылшаруашылық тауарлардың жеке түрлеріне Одақтың кедендік аймағында соған ұқсас тауарлар өндірілген жағдайда тарифтік квоталарды орнату қарастырылған.

Үшінші елдерден шығарылатын және Одақтың кедендік аймағына әкелінетін ауылшаруашылық тауарлардың жеке түрлеріне қатысты тарифтік квотаның көлемі Одақтың кедендік аймағында мұндай тауардың қолдану көлемі мен Одақтың кедендік аймағында соған ұқсас тауарлардың өндірілетін көлемі арасындағы айырмасынан асуы мүмкін болмайды.

Егеп Одақтың кедендік аймағында соған ұқсас тауарлардың өндірілетін көлемі Одақтың кедендік аймағында мұндай тауардың қолдану көлеміне тең немесе асқан жағдайда, тарифтік квота орнатылуы рұқсат етілмейді.

ЕЭК тарифтік квотаны орнатады, мүше-мемлекеттер арасындағы тарифтік квота көлемін үлестіреді, және сыртқы сауда қызметінің қатысушысылар арасындағы тарифтік квотаның әдісі мен тәртібін анықтайды, қажет болған жағдайда тарифтік квотаның көлемін үшінші елдер арасында үлестіреді немесе мүше-мемлекеттер сыртқы сауда қызметі арасындағы тарифтік квота көлемін үлестіру әдісі мен тәртібі анықтайтын акт қабылдайды, қажет болған жағдайда үшінші елдер арасында тарифтік квота көлемін үлестіреді.

Тарифтік квотаны қолдану жағдайы мен механизмі Шарттың

№ 6 қосымшасының III бөлігінде анықталған.

 

Сұрақ: Еуразиялық экономикалық одақта ішкі нарықты қорғаудың қандай шаралары қолданылуы мүмкін?

Жауап:

Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығын қорғау үшін арнайы қорғау, демпингке қарсы,өтем шаралары қолданылуы мүмкін.

Арнайы қорғау шарасы - арнайы баж салығын енгізу көмегімен үшінші елдерден тауарды импорттаудың өсуін (белгіленген әкелім кедендік баж салығынан тәуелсіз төленеді), алдын-ала баж салығын, импорттық немесе арнайы квотаны (белгіленген көлемнен тыс тауарлар импорттағанда арнайы баж төлеу) шектеу шарасы. Арнайы қорғау шарасы, егер тергеп-тексерумен тауар импорты ЕАЭО мүше-мемлекеттерінің тиісті саласына елеулі зиян келтіру қаупін тудыратын немесе келтіретін мөлшерде немесе шартта тауар импорты жүзеге асырылғаны белгіленсе барлық елдерден шығарылған тауарларға қолданылады.

Демпингке қарсы шара – демпингке қарсы бажды, оның ішінде алдын ала демпингке қарсы бажды енгізу немесе экспорттаушы қабылдаған баға міндеттемелерін мақұлдау арқылы (кедендік баж салығынан тәуелсіз төленеді) қолданылатын демпингтік импортқа қарсы іс-қимыл шарасы. Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша мүше мемлекеттердің тиісті экономика саласына залал келтіретіндігі немесе осындай залалды келтіру қатерін төндіретіні анықталған болса, демпингке қарсы шара қолданылады.

Өтемақы шарасы – өтемақы бажын (оның iшiнде алдын ала өтемақы бажын) енгізу не субсидиялаушы үшінші елдің уәкiлеттi органы немесе экспорттаушы қабылдаған ерікті мiндеттемелерді мақұлдау арқылы қолданылатын, мүше мемлекеттердің экономика саласына экспорттаушы үшінші елдің ерекше субсидиясының әсер етуін бейтараптандыру жөніндегі шара. Өтемақы шарасы, егер тергеп-тексеру нәтижелері бойынша Одақтың кедендік аумағына өндіру, экспорттау немесе тасымалдау кезінде экспорттаушы үшінші елдің ерекше субсидиясы пайдаланылған тауардың импорты мүше мемлекеттердің экономика саласына залал келтіретіндігі немесе осындай залалды келтіру қатерін тудыратындығы анықталса, импортталатын тауарға қолданылады.

Мұндай шараны қолдану туралы шешімдерді Комиссия тергеп-тексеру өткізгеннен кейін қабылдайды. Тергеп-тексеруді өткізетін орган болып Комиссияның ішкі нарықты қорғау департаменті анықталған.

Ұлттық деңгейде және өзара саудада мүше мемлекеттер арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдана алмайды.

Үшінші елдермен ЕАЭО еркін сауда режимін белгілеген кезде, екіжақты қолданылатын арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын басқа (тек Одақ және халықаралық шарт бойынша серіктестер арасында) тиісті халықаралық шартпен өзге ішкі нарықты қорғау шаралары қарастырылуы мүмкін. Еркін сауда туралы келісімдердің қатысушыларысен екіжақты қорғау шараларын қолданылу мүмкіндігі («bilateral safeguards») кең таралған әлемдік тәжірибе болып табылады.

Одақта екіжақты қорғау шараларын қолдану туралы шешім Комиссиямен қабылданады.

ЕАЭО туралы шартта негізінен арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолданудың бар тәртібі сақталған.

Қолданыстағы қағидалар бірқатар жаңалықтармен толықтырылған: Келісімге еркін сауда туралы келісімдермен қарастырылған екіжақты қорғау шаралары туралы қағидалар қосылған, сондай-ақ арнайы қорғау шарасының жаңа түрі – арнайы квота (тарифтік квота тәріздес); арнайы қорғау шарасын қайта қарастырудың қосымша мүмкіндіктері белгіленген; кейбір процедуралық мерзімдер қысқартылған;қайта тергеп-тексеру арқылы Соттың шешімі бойынша қорғау шараларын өзгерту туралы қағидалар қосылған.

Сонымен бірге ішкі нарықты қорғау шаралары бөлігінде ең елеулі жаңалықтарға жатқызуға болатын демпингке қарсы және өтемақы шаралын ретроактивті қолдану туралы қағидалар қосылған. Демпингке қарсы және өтемақы шаралын ретроактивті қолдану шаралары алдын ала шаралар енгізу күніне дейін 90 күннен аспайтын, бірақ тергеп-тексеру күнінен ерте емес мерзімге түпкілікті шаралардың қолданылуын таратуға мүмкіндік береді және импорттың бастырмалата өсуін және тергеп-тексеру мерзімінде экономика саласына қосымша залал келтіруді болдырмайды.

 

Сұрақ: ЕАЭО-да өнімге белгіленген бірыңғай талаптардың қандай механизмі қолданылдады?

Жауап:

Одақтың мүше мемлекеттері өнімдер тізбесі үшін қойылатын міндетті талаптар ЕАЭО шеңберінде бірыңғай болуы керек деп келісті.

ЕАЭО шеңберінде бірыңғай өнімдер тізбесінет қатысты міндетті талаптар, оны қалыптастыру және жүргізу тәртібі Комиссиямен бекітіледі.

Қазіргі уақытта Кедендік одақ және БЭА мемлекеттерінде міндетті реттеу саласына кіретін 66 объектісі бар Комиссия кеңесінің 2012 жылғы

23 қарашадағы № 103 шешімімен бекітілген Бірыңғай тізбе қолданыста.

Ұлттық заңнамада Бірыңғай тізбеге енгізілмеген өнімдерге міндетті талаптар белгілеуге жол берілмейді.

Одақтың техникалық регламенті күшіне енбеген техникалық реттеу объектілеріне Одақ мүше-мемлекеттерінің немесе Комиссия актілерінің заңнамалық нормалары әрекет етеді, олар Одақтың техникалық регламентінің күшіне енген кезінен бастап, өнімдердің айналымға шығуына, сәйкестігін бағалауға, Одақтың техникалық регламентінің талаптарын сақтауға мемлекеттік қадағалауға қатысты қолданылмайды.

ЕАЭО туралы Шартта бұрын қол жеткізілген келісімдерді ескере отырып Одақтың техникалық регламентінде орнатылған сәйкестікті бағалауына қажетті рәсімдердің өткізілуінен кейін өнімнің айналымға шығу қағидатты сақталған.

Үшінші елдермен саудалық техникалық кедергілерді жою мақсатында халықаралық келісімдер қабылданады.

Бірыңғай техникалық реттеу нормаларының болмауы, атап айтқанда өнімнің аттас түрлеріне қатысты ұлттық техникалық регламенттер, стандарттар және үшінші елдердің сәйкестендіру процедуралары және ЕАЭО-да қолданылатын техникалық регламенттер, стандарттар және Одақтың сәйкестендіру процедуралары талаптарының әр-түрлі болуы үшінші елдермен саудада кедергілер келтіреді.

Техникалық кедергілерді жоюдың барлық аспектілері пысықталады, оның ішінде сәйкестендіруді бағалау нәтижелерін тану мәселелері осындай өзара тану принципін және ДСҰ нормаларын ескере отрырып үш жақты форматта реттеледі.

Одақтық техникалық регламенттерімен талаптар белгіленбеген өнімнің қауіпсіздігін және айналымын қамтамасыз етуде бірыңғай ережелер мен тәсілін белгілеу үшін халықаралық шарт қабылданады (Еуропалық одақта қабылданған өнімнің жалпы қауіпсіздігі туралы Директива тәріздес).

Бұл техникалық реттеудің жаңа деңгейіне өтуге және үш елдің бірыңғай кедендік аумағында өнімнің «өмірлік циклының» барлық кезеңдерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыруға, сондай-ақ бизнес үшін артық әкімшілік және техникалық кедергілерді жоюға мүмкіндік береді.

Одақтың мүше мемлекеттері  мұндай өнімнің өз аумағында айналымын Одақтың техникалық регламенттерінде көрсетілген қосымша талаптар және қосымша сәйкестікті бағалау процедурасын өткізбестен қамтамасыз етуі қажет.

 

Сұрақ: Әлемдік экономикалық өсу қарқынының төмендеуі жағдайларында Қазақстанның Еуразиялық экономикалық интеграцияға қатысуы қаншалықты негізді?

Жауап: Еуразиялық интеграция  әлемдік экономикалық тұрақсыздық, негізгі энергия ресурстарына бағаның төмендеуі, Ресей мен Батыстың өзара экономикалық санкцияларды қолдануы жағдайларында Қытай, еуропалық елдер мен Орталық Азия мемлекеттерін қоса алғанда еуразиялық өңірдің барлық елдерінің  барынша тығыз экономикалық кооперациясы үшін жаңа мүмкіндіктерді ашады.  Ал, географиялық  жағдайын ескере келе  Қазақстан  еуразиялық интеграциялық процестің элементі ретінде Шығыс пен Батыстың арасындағы  байланыстырушы буын бола алады.

Бұдан басқа, бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыруды ескере отырып өнеркәсіпті дамыту мен шағын және орта бизнес үшін мүмкіндіктерді кеңейту  үшін маңызды аспект  қазақстандық өнімнің  әріптес елдер нарықтарына қол жеткізуіне кедергілерд жою болып табыады.

Осылайша,  Қазақстанның  Еуразиялық экономикалық одаққа қатысуы  Үкіметтің экономиканы әртараптандыру жөніндегі жалпы экономикалық саясатының құрамдас бөлігі болып табылады. Біздің Республика әлемдік экономикада мықты, бәсекеге қабілетті қатысушы болуға ниеттенуде.  Алдағы уақытта әр түрлі салаларда ортақ нарықты қалыптастыру жөніндегі уағдаластықтарды іске асыру кезінде Қазақстанды негізгі оң өзгерістер  күтуде.

Бұл ретте,  алдағы уақытта  қатысушы елдерге сияқты тұтастай барлық континенттің экономикалық дамуы үшін барынша маңызды пайданы  Еуразиялық экономикалық одақ әкелетін болады. Оның кезең-кезеңмен дамуы еуразиялық интеграциялық процестің тұрақтылығы мен тартымдылығы үшін  қажетті тұғырнама  жасайды.

 

Сұрақ: Еуразиялық интеграцияның экономикалық потенциалы қандай?

Жауап:

Мүше-мемлекеттер экономикаларының біртұтас көлемі 2,2 трлн.АҚШ.доларынан астам қүрайды. Үш елдің өнеркәсіп өнімінің шығаруының жалпы көлемінің көрсеткіші 1,5 трлн.АҚШ.долларына жетеді. Еуразиялық экономикалық комиссиясының бағасы бойынша, перспективалық интеграциялық әсер түрінде жиынтық ЖІӨ өсуі 2030 жылға 900. млрд.АҚШ.долларына дейін құрауы Қазақстан үшін 2030 жылға ЖІӨ өсуі 30 млрд.АҚШ.долларына дейін құрауы мүмкін.

Еуразиялық экономикалық комиссиясының бағасы бойынша Одақ экономикасына үшінші елдерден тікелей шетел инвестицияларының келуі 2030 жылға 85 млрд.АҚШ.долл құрауы мүмкін, оның ішінде ЕАЭОға қатысуынан Қазақстан Республикасы 40 млрд.АҚШ.долл көлемінде қосымша ұтым алуы мүмкін, Беларус Республикасы – 9,6 млрд.АҚШ.долл., Ресей федерациясы – 35,4 млн.АҚШ.долл.

 

Сұрақ: Аймақтық экономикалық интеграцияға Қазақстанның қатысу қажеттілігін қандай факторлар тудырады?

Жауап:

3 факторлар бар.

Бірінші фактор – құрлықты тұйықтанушылық. Республиканың теңіз кемежайларынан алыс географиялық орналасуы үшінші елдер нарығына қол жеткізу мүмкіншілігін кемейтеді, экономикалық өсу мүмкіншіліктеріне шек қояды.

Екінші фактор –17млн. тұтынушы адам көлемімен ішкі нарықтың инвестицияларды тарту және қайта өндеу өндірісінің дамуына жеткіліксіз мүмкіншіліктері.

Үшінші фактор – Әлемдік экономикалық өсудің жайару тенденциялары, Қазақстанның негізі экспорт тауарларын (мұнай, металлдар) қолданушы әлемдік нарықтардың тұрақсыздығы.

© 2017

Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі

Экономикалық интеграция департаменті