Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі
Сенім телефоны
+7 7172 754-547
Тегін қоңырау

2014 жылы 16 шілдеде Еуразиялық экономикалық одақ комиссиясының Кеңесінің №58 шешімімен 2014 жылғы 29 мамырдағы ЕЭО туралы Шартқа сәйкес, актілер мен халықаралық шарттарды жетілдіру туралы Жұмыс жоспары қабылданды.

ЕЭО туралы Шартқа сәйкес, актілер мен халықаралық шарттарды жетілдіру туралы Жұмыс жоспарында келесі құжаттарды дайындау қарастырылған:

1. Үйлестірілген (келісілген) көлік саясаттың негізгі бағыттары мен іске асыру кезеңдері.

ЕЭО туралы Шарттың XXI «Көлік» Бөлімінің 86 бабына сәйкес,
Одақта экономикалық интеграцияны қамтамасыз етуге, бәсекелестік, ашықтық, қауіпсіздік, сенімділік, қолжетімділік және экологиялық қағидаттарында бірыңғай көлік кеңістігін жүйелі және кезең-кезеңмен қалыптастыруға бағытталған үйлестірілген (келісілген) көлік саясаты жүзеге асырылатыны қарастырылған.

Бұл жоба Экономикалық интеграция департаментімен жетілдірілген. Қазіргі таңда, жоба бизнес өкілдіктерімен келісу үстінде. Жобаны келісу аяқталғаннан кейін, сараптамалық талқылауға және Одақтың үйлестірілген (келісілген) көлік саясаттың негізгі бағыттарын анықтау үшін, жақтарға жіберілетін болады.

2. Еуразиялық экономикалық одағының басқа мүше-мемлекеттер аумағында орналасқан, пункттер арасында автомобильді жүк тасымалдау, Еуразиялық экономикалық одақ басқа бір мүше-мемлекеттер аумағында тіркелген, тасымалдаушылармен орындалатын кезең-кезеңмен ырықтандыру бағдарламасы.

ЕЭО туралы Шартта №24 Қосымшаның «Үйлестірілген (келісілген) көлік саясаты туралы Хаттамасында» 5,6 тармақтың «II. Автомобиль көлігі» тармақшасында қарастырылады:

Мүше мемлекеттер 2015 жылғы 1 шілдеден бастап мүше мемлекеттердің бірінің аумағында тіркелген тасымалдаушылардың басқа мүше мемлекеттің аумағында орналасқан пункттер арасында халықаралық автомобиль жүк тасымалдарын орындаудың 2016-2025 жылдар аралығындағы мерзімге кезең-кезеңмен ырықтандыру бағдарламасын бұл ырықтандырудың дәрежесі мен шарттарын айқындай отырып қабылдайды. ЕЭО Жоғары Кеңесінің кезекті отырысында құжаттың бекітілуі жоспарлануда.

3. Кеме қатынасы туралы халықаралық шарт.

ЕЭО туралы Шартта №24 Қосымшаның «Үйлестірілген (келісілген) көлік саясаты туралы Хаттамасында» 16 тармақтың «IV. Су көлігі» тармақшасында, үйлестірілген (келісілген) көлік саясаты туралы Хаттамасын орындау мақсатында кеме қатынасы туралы халықаралық шарттың Еуразиялық экономикалық одақтың мүше-мемлекет қорытындысын қарастырылады.

Кеме қатынасы туралы шарт әзірленген және қазіргі кезде, Жақтармен талқылау жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс жоспарына сәйкес, Шарттың бекітілу мерзімі 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін.

 

ЕЭО шеңберінде автокөлік тасымалдарының ерекшеліктері

 

Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт ережесіне сәйкес (Үйлестірілген (келісілген) көлік саясаты туралы хаттаманың №24 Қосымшасының II тармағының 4-5 тармақшалары) 2015 жылдың 1 қаңтарынан Одақтың мемлекет-мүшелерінің аймағында тіркелген, тасымалдаушылармен орындалатын халықаралық автокөлік жүктерді тасымалдау рұқсатсыз негізде жүргізіледі:

  1. Тасымалдаушылар тіркелген мемлекет-мүше  арасында, және басқа мемлекет – мүшелермен;
  2. басқа мемлекет – мүшелер аймақтары арқылы транзитпен;
  3. басқа мемлекет – мүшелер арасында.

Осылайша, осы норманы енгізу Одақ мемлекет – мүшелері автокөлік компанияларының КО және БЭК аймақтарында автокөлік қызметтерін көрсетілуіне және тауарлардың еркін айналуына ықпал етеді.

MCAT зерттеулеріне сәйкес 2005-2013 жылдары кезіңінде Қазақстанда автомобиль көлігінің жүк айналымы 3 еседен астам өсуі, Беларусь Республикасында – 2 еседен астам, Ресейде – 1,28 есе өсуі байқалады.

2013 жылы БЭК автомобиль көлігімен жалпы 8,7 млрд. тонна жүк тасымалданған, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 0,5% және 2005 жылмен салыстырғанда 5,7 % көп. Тасымалдау көлемінің өсуі Қазақстанда байқалады, бірақ Беларусь пен Ресейде 2013 жылы жүк тасымалдау көлемінің қысқаруы байқалған.

БЭК мүше-мемлекеттерінің жүкайналымы 2013 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 400 млрд. т-км-ге және 40% -ға асып кетті. Автокөлік транспортымен тасымалдау жүкайналымының өсу үрдерісі ЕАЭО мүше-мемлекеттерінің барлығына тән.

БЭК мүше-мемлекеттері бойынша автокөлік транспортының үлесі 2013 жылы жалпы тасымалдау көлемінің  82,8%-ын құрады. Бірақ БЭК мүше-мемлекеттері бойынша айырмашылықтарға ие: Белорусь Республикасында автокөлік транспорты ең аз үлес алады (55,2%) және өсу үдерісіне ие. Ресейде және Қазақстанда автокөлік тасымалының үлесі сәйкесінше 80,2% және 91% құрайды.

Қазіргі уақытта ЕАЭО мүше-мемлекеттерімен Одақтың мүше-мемлекеттерінің бірінің аумағында тіркелген тасымалдаушылар орындауларын кезеңмен ырықтандыру, басқа мүше-мемлекеттерінің аумағында орналасқан пункттер арасында жүкті автокөліктік тасымалдау бағдарламасын жасау жұмыстары жүргізіліп жатқанын ескеру керек.

Сонымен бірге Министрлік Координацияланған (сәйкестендірілген) транспорттық саясаттың кезеңдері және негізгі бағыттары жобасын жасауға кірісті.

Жарияланған: 24.02.2015
Жаңартылған: 22.09.2015
© 2017

Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі

Экономикалық интеграция департаменті